Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.

23.05.2023 0
Құжат мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға және инклюзивтілік қағидатын іске асыруға бағытталған. Тараптар факультативтік хаттаманы ратификациялаған кезде БҰҰ жанындағы Мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитеттің Конвенция бойынша олардың құқықтары бұзылды деп мәлімдеген адамдардың шағымдарын қарау құзыретін тануға келіседі. Мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитет шағымды қарау қорытындысы жөніндегі нәтижелерді, түсініктемелер мен ұсынымдарды тиісті қатысушы мемлекетке жіберетін болады.
Бөлісу