Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Абай облысы

05.01.2023 0

Бүгін Абай облысына жұмыс сапары аясында мен ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі ретінде Абай облысы полиция Департаментінің жеке құрамымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша Департаментінің қызметкерлерімен кездестім. Кездесу барысында қатысушыларды ҚР Парламенті Сенатының жұмысы туралы таныстырдым. Сенат жұмысындағы басты басымдық мемлекет Басшысының жаңғырту күн тәртібін заңнамалық қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтілді. Мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейтетін, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын нығайтатын, азаматтардың конституциялық сот төрелігіне қолжетімділігін кеңейтетін қабылданған заңдар талқыланды. Кездесуге қатысушылар облыс тұрғындары арасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және профилактикалық іс-шаралар мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесулер қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастықтың бірлескен мәселелері айқындалды.
Сол күні облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттық корпусындағы әріптестеріммен кездестім. Депутаттар азаматтардың тіршілігін қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу туралы мәселелер көтерді.

Бөлісу