Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы

06.01.2023 0

6 қаңтарда Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының ұжымымен кездестім. Қазіргі уақытта ядролық медицина әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып табылатыны атап өтілді. Диагностика мен терапияда қолданылатын ядролық медицинаның заманауи әдістері жоғары тиімділікке, ал кейбір жағдайларда баламасыздыққа байланысты онкологиялық және басқа аурулармен күрестің жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Президент белгілеген жоғары дамыған елдердің даму деңгейіне жету үшін Қазақстан Республикасында ядролық медицина әдістерін жоспарлау және жоспарлы түрде енгізу қажет.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ядролық медицина объектілерін және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін басқа да денсаулық сақтау объектілерін іске қосу үшін бірқатар мәселелер бар. Осы мәселелерді шешу амалдары жоспарланған ядролық медицина объектілерін салу кезінде тиісті мемлекеттік органдар бақылауға алуға тиіс.
Сондай-ақ, орталық ұжымы Абай облысын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасымен танысты.

 

Бөлісу