Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Курчатов қаласының сайлаушыларымен кездесу

27.10.2022 0
Абай облысына халық коалициясына кірген Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері келді. Олардың қатарында «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошанов, «Ақ жол» партиясының төрағасы А. Перуашев, Қазақстан Халықтық партиясының басшысы Е. Ертісбаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, көрнекті қоғам және саяси қайраткерлері бар.
Белгілі мемлекет және саяси қайраткер Сапарбаев Б.М., Сенат депутаттары Арғынбекова А.С. және Булавкина О. А. құрамындағы біздің топ, Курчатов қаласының сайлаушыларымен кездесті. ҚР Ұлттық ядролық орталығында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын талқыладық.
Бұдан соң, Курчатов қаласының қалалық қоғамдық штабында өткен кездесуде Президенттікке кандидаттың өңірлерді дамыту және, ең алдымен, моноқалаларда өмір сүру жайлылығын арттыру бойынша ұсынатын шаралары талқыланды. Осындай кездесу қалалық ауруханада өтті, онда Денсаулық сақтау мәселелері көтерілді. Абай облысындағы жұртшылықпен кездесулер барысында Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов азаматтар Әділ Қазақстан құрылысының бірыңғай мақсаты төңірегінде топтасуы тиіс екенін атап өтті.
Бөлісу