Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Бородулиха ауданына сапар

05.01.2024 0

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында жұмыс сапары барысында облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарымен бірлесіп Абай облысының Бородулиха ауданына барып, депутаттық корпус жұмысының нәтижелерімен танысып, ауылдық округтердің инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқыладық.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары әзірлеген орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері жөніндегі заң жобасының негізгі тармақтарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Александровна Булавкинамен бірлесіп, мүлкі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамында болғандықтан өздерінің жылжымайтын мүліктеріне билік ету құқығымен шектелетін отбасылармен жеке қабылдау жүргіздік. Үйлер бұл жерлерге ерекше мәртебе берілгенге дейін салынған. Аталған мәселеге қатысты түсініктемелер берілді, сондай-ақ осы мәселені одан әрі зерделеу қажеттігі туралы шешім қабылдадық.

Бөлісу