Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жарма ауданының білім беру мекемелеріне сапар

04.01.2024 0

4 қаңтарда облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп Жарма ауданына бардым. Аудан әкімі Ж. Байсабыровпен, аудандық мәслихат төрағасы М. Оспанбаевпен, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шаймұратовпен бірге аудан орталығының білім беру мекемелеріне бардым. Бірінші келу орны Георгиевка орта мектебі болды. Мектеп директоры А.Ж.Даутова мектептің материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Мектеп спорт залы мен мектепті жылумен қамтамасыз ететін қазандықты қарадық және мектеп оқытушыларымен кездестік. Сапар барысында бұл мектепке күрделі жөндеу қажет екеніне көз жеткіздім, себебі мектеп ғимараты 1975 жылы салынған және ұзақ уақыт бойы мектепте тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, екінші қазандықты сатып ала отырып, қазандықты күрделі жөндеу қажет. Осыған байланысты, бұл мәселе бюджетті нақтылау кезінде ағымдағы жылы шешуді талап етеді және осы мәселені шешуде ЖАО-ның көмегі қажет деп санаймын.

Келесі келу орны Маяковский атындағы орта мектебі болды. Мектеп директоры Н.М. Садықова мектептің материалдық-техникалық базасымен таныстырды. «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен күрделі жөндеуден кейін мектеп қажетті заманауи жабдықтармен және техникамен толық жабдықталғаны атап өтілді. Бұл – қыздар  мен ұлдарға арналған еңбек кабинеттері, компьютерлік сыныптар, химия, физика кабинеттері, телестудия, 3D принтер және т. б.

Әрі қарай Жарма аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесіп, Сенат мақұлдаған заңдар туралы айтып өттім. Сенат қызметінің негізгі бағыттарының бірі өңірлердің дамуына жәрдемдесу, өңірлердің проблемалық мәселелерін шешу үшін мәслихаттармен тығыз өзара іс-қимыл жасау болып табылатыны атап өтілді. Аудандық мәслихат депутаттары тарапынан  депутаттық сауалдарда көрініс табатын және одан әрі заңнамалық шешімді талап ететін бірқатар проблемалық сұрақтар қойылды.

Бөлісу