Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

28.09.2022 0

«2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысындағы депутат Б.К. Байахметовтің қосымша баяндамасы

2022 жылғы 28 қыркүйек

Құрметті Төраға!

Құрметті әріптестер!


Бұл хаттама 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімді ұзартуға және Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда байланыстарын дамытуға және нығайтуға бағытталған.

Заң жобасы Уақытша келісімді 2025 жылдың қазанына дейін ұзартуды көздейді.

Заң жобасының негізгі бағыттары бойынша өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Кушукова Жанель Сабырқызы баяндады.

Атап өткендей, Иран 80 миллионнан астам халқы бар өте үлкен нарық болып саналады. Осы серіктеспен өзара сауда жылдан жылға өсуде және еліміздің географиялық орналасуын ескере отырып, экспорттық әлеуетіміз айтарлықтай маңызды салмаққа ие болады.

Уақытша Келісімнің қолданысы басталғаннан бері Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы (2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін) 16,6% - ға өсіп, 440,1 млн. АҚШ долл.  құрады.

2021 жылы тауар айналымы айтарлықтай өсті, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 85%-ға жоғары. 2022 жыл өсу динамикасын көрсетеді.

Хаттаманы ратификациялау Уақытша келісімді ұзартуды, Қазақстан мен Иран арасындағы сауда байланыстарын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ тауарларды олардың нарығына ілгерілету және ел экономикасына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Құрметті әріптестер, заң жобасы жұмыс тобының отырысында қаралды. Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Құрметті депутаттар, осы заң жобасын қолдауларыңызды және осы заң жобасы бойынша оң қорытындыны бас Комитетке жолдауды сұраймын.

Назарларыңызға рақмет!


Бөлісу