Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Бақытжан Байахметов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі ретінде Абай облысы Ақсуат ауданына барып, халықпен кездесті.

27.10.2022 0
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері – әріптесім  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов және Абай облыстық мәслихатының депутаты Әсемхан Дускужановпен бірге штаб құрамында Абай облысы Ақсуат ауданында болып, халықпен кездестім.
Алдымен, Сәтпаев ауылдық округіндегі «Ықыбай» шаруа қожалығында болып, су қоймасының жұмысымен танысып, шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесу өткіздік. Кездесуге 50 шақты шаруа қожалықтарының басшылары, Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері, Ақсуат аудандық қоғамдық штабы, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі ретінде мен, әріптесім Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Н. Нұрсипатов және Абай облыстық мәслихатының депутаты Ә. Дускужанов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, еліміздегі ауылшаруашылық мәселелеріне тоқталдық. Сондай-ақ, сайлаушылар атынан «Мәуліт» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Қ. Қасенов және Көкжыра өндірістік кооперативінің төрағасы Б. Сағынаев сөз сөйлеп, мал өнімі еттің өтпей жатқандығын, мал азығының (жем-шөптің) қымбаттығын айтты. Сонымен бірге тері мен жүннің өтпей шіріп жатқандығын айта келе, Өзбекстан мен Қытайдың мал, жүн-тері алатын кәсіпкерлерін шекарадан өткізсе және Ақсуат ауылындағы «Ет комбинатын» іске қосса деген ұсыныстарын жеткізді.
Бұдан әрі, Республикалық қоғамдық штабтың мүшелерімен Ақсуат ауылындағы мәдениет үйінде ауыл ақсақалдары мен интеллигенция өкілдерімен кездестік. Оған 200 адам қатысты. Жиында мен Қазақстан республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, елімізде атқарылып жатқан игілікті істерге тоқталдым. Ал сайлаушылар атынан сөз алған Социалистік Еңбек Ері С. Таушаев және аудандық мәслихат депутаты Н. Нұрбекова Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атқарып жатқан жұмыстарын талдап айта келе, «Боғас – Қалбатау» бағытындағы жолды тездетіп жөндеу керектігіне тоқталды және халықты сайлауға бір кісідей қатысып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.
Келесі кезекте Республикалық қоғамдық штаб мүшесі ретінде әріптестерімізбен бірге Ақсуат ауданындағы қоғамдық штабта болып, штаб мүшелері және еріктілермен әңгіме жүргіздік. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдармен кездесу өткіздік. Кездесу сұрақ - жауап түрінде өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандарды ерекше толғандыратын мәселелердің қатарында – тұрғын үй жәйі мен материалдық көмек екені айқындалды. 
Бөлісу