«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарының жобалары бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша Комитет отырысындағы депутат Б.К. Байахметовтің қосымша баяндамасы
2022 жылғы 23 қараша
Құрметті Серікбай Өтелгенұлы!
Құрметті әріптестер!
Сіздердің қарауларыңызға «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы ұсынылып отыр.
Аталған Заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленген.
Заң жобасы келесі мәселелерді қамтиды:
- Лицензия алуға өтініштерді қарау кезінде уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өлшемшарттары мен ақпараттық өзара іс-қимылын енгізу;
- Берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату;
- Лицензия беруден бас тарту үшін қосымша негіздер;
- Импортталған тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын тексеру;
- Мемлекеттік шекарада бақылауды қайта бастау;
Сондай-ақ ілеспе заң жобасында Қазақстан Республикасының алты Кодексіне және он бір Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Заң жобаларын қабылдау теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарға әкеп соқпайды.
Құрметті әріптестер, Заң жобаларын талқылау барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс әзірленді.
Осылайша, Заң жобасында республикалық бюджетті жұмсаудың «мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау» бағытын айқындайтын Бюджет кодексінің 53-баптың 1-тармағы бесінші абзацының жаңа редакциясы ұсынылады. Біздің ойымызша, Заң жобасында ұсынылған жаңа редакциясы, атап айтқанда, «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды саласындағы бақылау» қолданыстағы норманың қолданылуын кемітеді деп санаймыз.
Сол себептен, қарастырылып отырған норманың қолданыстағы редакциясын сақтап, жаңа нормамен толықтыру ұсынылады.
Өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныс салыстырмалы кесте жобасында ресімделіп, отырыстың қатысушыларына таратылды.
Назарларыңызға рақмет!