Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Б.К. Байахметов (бастамашы), А.С. Арғынбекова, О.А. Булавкина, Д.М. Мусиннің Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловқа жіберілген Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелі мен Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жұмыстарына тиісті қаржыландыру қажеттілігі туралы депутаттық сауалы, 17 қараша 2022 ж.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә.А. СМАЙЫЛОВҚА
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 19 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облысында және 2022 жылғы
30 қыркүйектегі Абай облысында берілген тапсырмаларына сәйкес, құны
61,4 млрд. теңге құрайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы және Семей қаласында құны 32 млрд. теңге құрайтын Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы жұмыстары жүзеге асырылуда.
2020-2021 жылдары аралығында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салу мақсатында бюджеттен 3,95 млрд.теңге (республикалық бюджет – 3,45 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 500 млн. теңге) қаражат бөлінді. Ағымдағы жылға 10,2 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 10 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 200 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде, жоба басталғаннан бері қаржыландырудың нақты көлемі –
14,2 млрд.теңге немесе жалпы құнының 23% құрайды.
Жобаны бұдан әрі іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылы 20 млрд.теңге сомасында қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім енгізілді, бірақ республикалық бюджет жобасында тек қана 2 млрд. теңге ескерілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын уақтылы әрі сапалы орындау үшін республикалық бюджеттен 2023 жылы 20 млрд. теңге сомасында, ал
2024 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салуға
21,8 млрд. теңге сомасында қаражат бөліну қажет.
2022 жылы Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір салу жұмыстары басталды. Көпір құрылысының жалпы ұзындығы 1350 м, оның ішінде автожолдардың ұзындығы – 540 м, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы құны 32 млрд. теңгені құрайды.
Ағымдағы жылы жұмыстар басталғалы, Ұлттық қордан 1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінді. Құрылыс, жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес жүргізілуде.
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында объектіні қаржыландыру аясында 2023 жылы 500 млн. теңге және 2024 жылы 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөліну көзделеді.
Бұл жағдай Мемлекет басшысының тапсырмасын мерзімінде орындалмауына және сәйкесінше жобаның қымбаттауына алып келеді.
Іске асыру мерзімі бойынша жоба 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Сізден республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде аталған жобаны 2023 жылы 15 млрд.теңге, сондай-ақ 2024 жылы 17 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру бойынша ықпал етуіңізді сұраймыз.
«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының
27-бабына сәйкес, Сізден осы депутаттық сауалға заңда көзделген мерзімде қарау жөнінде жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз.
Құрметпен,
Б. БАЙАХМЕТОВ
Д. МУСИН
О. БУЛАВКИНА
А. АРҒЫНБЕКОВА