Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Бақытжан Байахметов Семей қаласының жылумен қамту нысандарын аралады

17.12.2022 0

      2022 жылғы 17 желтоқсанда депутат Бақытжан Байахметов Абай облысы маслихатының және Семей қаласы маслихатының депутаттарымен бірге Семей қаласының жылумен қамту нысандарын, атап айтқанда ЖЭО-1, "Орталық" және Ғаббасов қазандықтарын аралады.

      ЖЭО-1 де жылу беру барысында температураның жеткіліксіздігі анықталды. Жоспарланған кестеге сәйкес қалыпты жағдайда температура 90 градус болуы қажет. Бірақ нақты температура 81 градусты көрсетіп тұр. Температуралық режимның сәйкес келмеуі, бір күн бұрын болған өрт салдарынан көмір жеткізу жүйесіндегі электр кабельдерінің істен шығуына байланысты орын алған. Қазіргі уақытта өрт салдары жойылды. Жұмыста үш қазандық, резервте екі қазандық бар. Жоспарланған параметрлерге дейін температура көтеріліп келеді.

      Әрі қарай “Орталық”қазандығына бардым. Бұл нысанда 6 қазандық жұмыс істейді. Параметрлері қалыпты. Жеткізу және қайтару температурасы сәйкесінше 84/60 болды, жеткізілімдегі жоспарланған көрсеткіш 79 градус. Айта кету керек, бұл қазандық бойынша жылу энергиясының тапшылығы бар, ол үшін Бүгінде 20 Гкал/сағ қосымша қазандық салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 01.09.2023 ж.

     Ғаббасов қазандығында екі қазандық жұмыс жасап тұр, резервте бір қазандық бар. Температура режимінің параметрлері қалыпты. Алайда, бұл жылу көзінде жылу энергиясының тапшылығы бар. Осыған байланысты осы жылу көзінде де қуаттылығы 20 Гкал/сағ қосымша қазандық салу есебінен қазандықты кеңейту бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жоба іске асырылуда.

     Депутат Семей қаласын жылумен қамту нысандарының аралау қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау жүйесінің жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсынысын айтты. Семей қаласының жылу энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыруды жан-жақты қолдау үшін бар күшін салатыны туралы хабарлады.

Бөлісу