Комитет отырысында қосымша баяндама жасады «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Аталған заң жобасы Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттарының бастамасымен әзірленді. Өздеріңізге белгілі, тазы мен төбет - қазақ халқының ежелден келе жатқан ит тұқымы, ұлттық қазынасы болып табылады.
Қазіргі таңда қазақы ит тұқымдарының генофондының нашарлау үрдісімен қатар, еліміздің өңірлерінде оның толық жойылып кету қаупі бар. Сондықтан қазақы ит тұқымдарын сақтау, қорғау мен дамыту саласын мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдерді қарастыру қажеттігі туындап отыр.
Заң жобасымен қазақы ит тұқымдарының сақталуы мен олардың тазалығын сақтау сияқты негізгі қағидаттары бекітіледі.
Сондай - ақ, кинологиялық қызмет ұғымдарын, қазақы тұқымды иттің шығу тегі туралы куәлікті және ұлттық аңшылык стандартын айқындаумен қатар, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу жөнінде нормалар қарастырылған.
Заң жобасын қабылдау теріс құқықтык және әлеуметтік - экономикалық салдарға әкеп соқпайды.
Осы заң жобасын қабылдау қазақы ит тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету мен олардың тазалығын сақтау бойынша өзекті мәселелерді шешуге ерекше септігін тигізеді деп есептеймін.