Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Комитеттің кеңейтілген отырысында қосымша баяндама жасады «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»

07.02.2023 0

Қаралып отырған «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы маңызды және уақытылы болып отыр.

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт 2021 жылғы 28 қазанда жасалды.  

Заңның мақсаты Қазақстан мен Франция мемлекеттері арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетумен қатар, тергеу әрекеттерін жүзеге асыру болып табылады.

Аталған шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрес жөніндегі өзара ынтымақтастығын арттыруға ерекше мүмкіндік береді.

Тараптар сондай - ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты кез келген рәсімдерде бір - біріне барынша құқықтық көмек көрсетуді міндетіне алады. Ал, құқықтық көмек сұрау салу арқылы жүзеге асырылады.

Шарт Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасының құзыретті органдары арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері бойынша қатынастарды реттеуге бағытталған.

Атап айтқанда, заттарды тәркілеу, тінту, сараптама жүргізу, банктегі шоттарды анықтау, жауап алу, ақпарат алмасу және басқа да тергеу амалдарын қамтиды. 

Құжатта сондай - ақ тергеу әрекеттерін жүргізу және өзара көмек көрсету үшін уақытша берілетін адамдардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық, хат - хабарларының құпиясы, процестік кепілдіктері де көзделіп отыр. Шартта құқықтық көмек көрсетудің, сондай-ақ оны беруден бас тартудың шарттары мен тәртібі айқындалған.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі екіжақты әріптестік секторын кеңейту, өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық қағидатын одан әрі іске асыру болып табылады.

Аталған заң бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс тобының отырыстары өткізілді. Заң жобасын талқылау барысында қойылған сұрақтар мен маңызды мәселелерге қатысты әзірлеуші тарап тиісінше жауап берді.   

Сенаттың тұрақты комитеттерінің Заң бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ.

Заңның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

 

Бөлісу