2023 ж. 14 наурызында депутат С. Медебаев отбасылық - тұрмыстық зорлық - зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша комитеттің отырысын жүргізді.
2023 ж. 14 наурызында депутат С. Медебаев отбасылық - тұрмыстық зорлық - зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша комитеттің отырысын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жоспарын орындау мақсатында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде отбасылық - тұрмыстық зорлық - зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша комитеттің отырысын өткізді.
Аталған отырысқа Комитет депутаттары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай - ақ қоғамдық ұйым өкілдері және Сенат Аппаратының қызметкерлері қатысты.