Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат С. Медебаев Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттарымен бірге Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті.

26.04.2023 0

 

Депутат С. Медебаев Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттарымен бірге Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру мәселелері кездесудің басты тақырыбы болды.

 Сондай - ақ, кездесу барысында ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметі мәселелерін де талқылады. Уәкіл Артур Ластаев кеңсенің құқықтық саладағы құқық қорғау әлеуетін кеңейту жөнінде қабылдаған шаралары туралы парламентшілерді хабардар етті.

Аталған шараға қатысушылар заңнаманы жетілдіру және уақтылы алдын алу шараларын қамтамасыз етудегі іс-қимылды нығайту жөніндегі өз ойларын ортаға салды.

 

 

Бөлісу