Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

8 шілдеде сенатор Ғалиасқар Сарыбаев Ресей Федерациясы Алтай Республикасында кездесу өткізді

08.07.2023 0

8 шілдеде сенатор Ғалиасқар Сарыбаев Ресей Федерациясы Алтай Республикасының қазақтар көп шоғырланған Қосағаш ауданы Жаңа ауыл, Қос ағаш елді мекендерінде болып, әкімшілік басшысы (глава администрации) Кедербаев Серікжан Мұратханұлымен, спикері Дидунов Санаш Александровичпен, «Отандастар» қорының мүшесі Солтан Арқалықпен және Алтай Республикасының мәдениетті дамыту мекемесі басшысының орынбасары Миткечеева Аяна Александровнамен кездесті.

 

Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас, білім сапасы, мәдениет, адами капитал мәселелері зерделенді.

 

Кездесуде «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы қазақ мәдениеті мен тілінің дамуына ерекше үлес қосқан зиялы қауым және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының алғыс хаттары мен медальдар табыстады.

 

Шара соңында Қазанғап Тәттімбет атындағы Қарағанды облыстық филармониясы ұжымы концерт берді

Бөлісу