Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Астанада «Отандастар» форумы өтті

11.10.2023 0

Астанада «Отандастар» форумы өтті

 

2023 жылғы 11 қазанда сенатор Ғалиасқар Сарыбаев әлемнің түкпір - түкпірінен келген 200 - ден астам қазақтар қатысқан «Отандастар» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Otandastar» forumү-на қатысты. 

 

Форумның басты мақсаты - шетелдегі қазақ ұйымдарымен өзара түрлі ынтымақтастық мәселелерін талқылау; еліміздің жаңа кезеңдегі мемлекеттік саясатымен және саяси-экономикалық реформаларымен, сондай-ақ ұлттық руханиятқа қатысты заманауи трендтермен таныстыру; шетелдегі қазақтарды қолдауда Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты, шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанда сапалы білім алу және өз қабілеттерін іске асыру, сондай-ақ елге көшіп келетін қандастарға мемлекет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шаралары туралы ақпараттандыру.

 

Форум аясында «Ел дамуындағы қандастардың рөлі», «Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті – ұлттық құндылықтарды ілгерілету драйвері», «XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері», «Медиа және заманауи трендтер» тақырыптары бойынша сессиялар және «Отандастар Қоры» КеАҚ жаңа жобаларының тұсаукесері мен «Тайқазан» форумның қорыныды сессиясы өтті.

Бөлісу