Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Дамуға ресми көмек - дамуға және тұрақты өсуге жәрдемдесу

11.10.2023 0

Дамуға ресми көмек - дамуға және тұрақты өсуге жәрдемдесу

 

2023 жылғы 11 қазанда сенатор Галискар Төлендіұлы Сарыбаев «Дамуға қазақстандық ресми көмектің жай-күйі мен болашағы» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

«Дөңгелек үстелді»  «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырды. 

Дөңгелек үстел жұмысы барысында дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі мәселелері, дамуға ресми көмек көрсетуді басқарудың әртүрлі модельдері мен ұлттық және жаһандық деңгейлерде тұтас дамудағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, дамуға көмек көрсету агенттіктерін құрудағы жаңа донорлардың тәжірибесі талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, Дамуға ресми көмек көрсету жөніндегі халықаралық сарапшысы Астрид Шницер-Скьенсберг, Біріккен Ұлттар Ұйымының  Даму Бағдарламасы Орталығының серіктестікті дамыту жөніндегі маман Берна Баязит Баран қатысты.  

Бөлісу