Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Футбол – денсаулық кепілі

23.10.2023 0

Футбол – денсаулық кепілі

 

 

2023 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев әріптестерімен «Еуропа футбол қауымдастығы Одағы (УЕФА) Академиясы өкілдерімен кездесуге  қатысты. 

 

Онда Қазақстан футбол федерациясымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында футболды дамыту, төреші, кәсіби тренерлер мен ойыншыларды оқыту, даярлау, менеджмент, футбол индустриясын  қалыптастыру мәселелері сөз болды. 

 

Бүгінгі күні УЕФА Академиясы семинар өткізіп, сертификаттар беруде. Келесі жылы біздің менеджменттер сол жаққа барып дәріс алатын болады.

 

Кездесуде Шымкент, Алматы және Жетісу облысында футбол алаңдарын салуға келісім болды.

 

Бұқаралық спортты дамыту, орнықты даму көрсеткіштері - адами капиталды, өмір сүру сапасын арттыру, тұрғындардың денсаулығын көтеру, салауатты өмір салтын қамтамасыз ету  бағытындағы жұмыстар атқарылатын болады.

Бөлісу