Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат отырысы өтті

14.12.2023 0

Сенат отырысы өтті  

 

 2023 жылғы 14 желтоқсанда Сенат отырысында депутат Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарауға ұсынды.

Сенаторлар оны концептуалды тұрғыдан қолдап, бірқатар түзетулер енгізді. Осыған байланысты заңды жаңа редакциясымен және жекелеген баптармен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

 

Аталған түзетулер мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру тәртібін айқындау жөніндегі құзыретті белгілейтін қайталама норманы алып тастауды көздейді. Сондай-ақ заңда ел азаматтарына ерікті дактилоскопиялық тіркеуді енгізу туралы және басқа да бірқатар жаңашылдықтарға қатысты нормалар бар.

Бөлісу