Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Бауырластық тамыры: Тұлғалар ғибраты» халықаралық конференция өтті

20.12.2023 0

«Бауырластық тамыры: Тұлғалар ғибраты» халықаралық конференция өтті

 

 

2023 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы әріптестерімен Түркі Академиясының ұйымдастыруымен өткен «Бауырластық тамыры: Тұлғалар ғибраты» халықаралық конференцияға қатысты.

 

Іс-шара аясында Афет Инанның «Ататүркіні еске алғанда», Гасан Гасановтың «Ұлт көшбасшысы, жарқын тұлға – Гейдар Алиев» және «Кемел Тоқаев: Қаламгердің өмір жолы» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Отырыста Түркі Академиясының президенті ШаҺин Мұстафаев, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Гасан Гасанов, Әділ Ахметов, Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу, Қырғыз Республикасының Ұлттың Ғылым Академиясының академигі Османкүн Ибраймов, Өзбек Ұлттық университетінің профессоры Нәсімхан Рахманов сөз сөйледі.  

 

Бөлісу