Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заңды мақұлдады

11.01.2024 0

Сенаторлар шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заңды мақұлдады

 Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті.

Онда депутаттар Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарады. Сондай-ақ сенаторлар отырыс кезінде бірқатар заңды мақұлдап, депутаттық сауалдарын жолдады.

Ел Президентінің тиісті ұсынуын қарау нәтижесінде Ербол Исмаилов, Ақылтай Қасымов, Альфия Савинова және Айгүл Сапарова Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды. Ұсынылған кандидатуралар алдын-ала Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде талқыланды.

Сонымен қатар Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарап, мақұлдады. Бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді.

Осыған дейін айтылғандай, аталған құжат Азаматтық және Бюджет кодекстеріне, сондай-ақ тағы 8 заңға түзетулер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктің күшін сақтандыру төлемдерін өтеу үшін де, ЭКА жүзеге асыратын кепілдік берілген төлемдерді өтеу үшін де қолдау ұсынылады. Заң нормалары Агенттіктің қызметін лицензиясыз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ұлттық даму институтының функциялары бірқатар бағыт бойынша шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелерімен толықтырылады.

Палата отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды да қарап, мақұлдады. Бұл заң құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою арқылы еуразиялық интеграцияны одан әрі дамытуға арналған.

Хаттама арқылы ЕАЭО туралы шартқа ЕАЭО кедендік шекарасындағы мемлекеттік бақылау, арнайы қорғаныш демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану, техникалық реттеу, бәсекелестік, табиғи монополиялар, еңбек көші-қоны, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, көлік және салық салу мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Отырыс барысында сенаторлар Ғалиасқар Сарыбаев Алматы және Жетісу облыстарында мыңдаған тонна жүгері сатылмай қалғанын айтып, бұл түйткіл жергілікті шаруаларды алаңдатып отырғанын жеткізді. Сенатордың айтуынша, мәселені шешу үшін өнімді терең өңдеуді қолға алу керек.

Бөлісу