Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта инвестицияны өзара ынталандыру және қорғау туралы заңдар талқыланды

16.01.2024 0

Сенатта инвестицияны өзара ынталандыру және қорғау туралы заңдар талқыланды

 Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста елімізге инвестиция тартуға арналған ахуалды одан әрі жақсартуға бағытталған заңдарды талқылады.

Атап айтқанда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң өтемақы төлеуді қамтамасыз ету арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарудан қорғауды, халықаралық төрелікке қол жеткізуді, сондай-ақ елдердің шетелдік инвестицияға әділ және тең қатынасын қамтамасыз етеді. Өзара іс-қимыл, төлемдер мен аударымдар тәртібі айқындалады, тараптар мен инвесторлар арасындағы дауларды шешудің шектеулері мен тәртібі белгіленеді.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» келісімге сәйкес әрбір тарап инвестицияның келуіне тең жағдайды, сондай-ақ халықаралық құқыққа сәйкес толық қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Комитет мүшелері талқылау нәтижесі бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу