Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар АӨСШК Хатшылығының жұмысымен танысты

25.01.2024 0

Сенаторлар АӨСШК Хатшылығының жұмысымен танысты

 

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының басшылығымен кездесті.

АӨСШК – Азиядағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегібейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум. Сенаторлар ұйымның тең егемендік, мүше мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау және экономикалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық қағидаттарына негізделген саясаты туралы хабардар етілді. Ондағы басты мақсат  ынтымақтастық көпжақты тәсілдер арқылы кеңейтіліп жатқаны және барлық шешімдер консенсус негізінде қабылданатыны атап өтілді.

АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай Хатшылықтың қызметі туралы айтып берді. Ол БҰҰ жанындағы байқаушы мәртебесі бар және оның жүйесіне кіретін басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатылғанын хабарлады. Сонымен қатар ТүркПА, Араб мемлекеттерінің лигасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және т.б. сияқты аймақтық құрылымдармен тұрақты қатынастар орнатылды.

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Сыртқы істер министрлігінің басшылығы да қатысты.

 

Бөлісу