Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Бүгін Сенат Палатасының отырысында:

08.02.2024 0

Бүгін Сенат Палатасының отырысында:

 

 

2024 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті отырысы өтті. Отырыста ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалуына байланысты өкілеттілігі тоқтатылды.

Сонымен қатар, ҚР Парламентінің Мәжілісі қабылдаған «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ шартына электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша хаттаманы ратификациялау туралы»  және «ҚР мен Эстония Республикасының Үкіметтері арасындағы адамдардың реадмиссиясы бойынша келісімді ратификациялау туралы» заңдары мақұлданды.

 

Сентатор Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы отырыс барысында азаматтаы авиациядағы мәселелерге қатысты Сенаттың бір топ депутаттарының атынан депутаттық сауал жариялады.  

Бөлісу