Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат отырысы өтті

08.02.2024 0

Сенат отырысы өтті

 

2024 жылғы 8 ақпанда ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті.

Депутаттар сенатор Ақмарал Әлназарованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарады, бірқатар келісімдерді ратификациялады және депутаттық сауалдарды жариялады.

Отырыс барысында депутаттар Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған сенатор Ақмарал Әлназарованың өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылдады.

Сондай-ақ сенаторлар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан |Республикасының Заңдарын қарады және мақұлдады. 

Сонымен қатар, сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын да айтты. Ғалиаскар Сарыбаев азаматтық авиация мәселелері бойынша депутаттық сауал жариялап, ел әуежайларының қауіпсіздік стандарттарына сәйкес еместігін және авиакомпаниялар арасында бәсекелестіктің жоқтығын атап өтті.

Бөлісу