Бибигүл
Нұрғалиқызы
Астана қаласынан сайланған.
Туған жылы: 02.12.1971
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кендірлік селосы
БІЛІМІ:
1979-1989 жж. – Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы Н.Пржевальский атындағы орта мектеп
1989-1994 жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, Журналистика факультеті
2000-2002 жж. – Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері ҚазМУ жанындағы институт, "Құжаттану және консулдық қызмет" бөлімі
2010-2012 жж. – Халықаралық Бизнес Академиясы, бизнес әкімгері магистрі
ОТБАСЫ:
Тұрмыста, екі ұлы бар
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
1991-1993 жж. – Республикалық «Спорт» газеті, журналист
1993-1994 жж. – «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газеті, журналист
1994-1996 жж. – «Атамұра-Столичное обозрение» қоғамдық – саяси апталығы, журналист
1996-2007 жж. – «Хабар» Агенттігі редактор, продюсер, Астана қаласы Орталық бюро директорының орынбасары
2007-2008 жж. – «Қазақстан» РТРК АҚ, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры
2008-2016 жж. – «Жетінші арна» - Эра ТВ Бас редакторы, Бас директоры, Бас директорының орынбасары, Директорлар кеңесінің төрағасы
2016-2019 жж. – ҚР Парламент Сенаты Төрағасының БАҚ бойынша кеңесшісі
2019 ж. /04.2019-10.2019/ – «Астана» телеарнасы бас директоры
2022-2023 жж. – ҚР Парламент Сенаты Төрағасының Кеңесшісі
2023 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ:
- Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары
- Қазақстан Азаматтық альянс басшысының орынбасары
- «Бас редакторлар клубы» ҚБ жетекшісі
- ҚР «Медициналық сақтандыру қоры» қоғамдық кеңесінің мүшесі
ӘР ЖЫЛДАРДА:
ҚР Бас Прокуратура Қоғамдық Кеңесі мүшесі
ҚР Жемқорлықпен күрес Агенттігі Қоғамдық Кеңесі мүшесі
ҚР Сыртқы Істер Министрлігі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі
Астана қаласы әкімдігі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі
2022 жылы маусым айында өткен Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша республикалық Референдумда қоғамдық қолдау штабының мүшесі
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ:
Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәселелері бойынша жүздеген мақала мен мыңдаған репортаждың, сондай-ақ ондаған деректі фильмнің авторы («Киото–Токио», «Путраджайя–Куала-Лумпур», «Санкт-Петербург–Москва», «Рио-де-Жанейро–Бразилия»). "Әлем астаналарының көшірілу тәжірибесі" тележобасының жетекшісі /2008 жж/, «Астана – Жаңа қала» тележобасының авторы /2001-2005жж/. Жиырмадан аса Мемлекет басшыларымен /Израиль экс-Президенті Шимон Перес, Германия экс-Канцлері Герхард Шредер, Бразилия Президенті Луиса Игнасио Лула да Силва, БҰҰ экс-Бас Хатшысы Пан Ги Мун т.б. / сұхбаттардың авторы.
МАРАПАТТАР:
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 ж.)
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі (2005 ж.)
- «Жыл адамы» (2006 ж.)
- «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі(2006 ж.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты(2008 ж.)
- «Астананың 10 жыл» мерейтойлық медалі (2008 ж.)
- «Құрмет» ордені (2012 ж.)