Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Бибигүл Жексенбай Президенттің жуырдағы сұхбаты тұрғысынан астананың дамуын талқылады

08.01.2026 115

Парламент Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбайдың «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының ұжымымен кездесуінің негізгі тақырыбы - елорданың қала құрылысы саясатын ғылыми-әдістемелік тұрғыда сүйемелдей отырып, оны азаматтар үшін жайлы, қауіпсіз әрі өмір сүру сапасы жоғары заманауи астана ретінде дамыту мәселелері болды.

Диалог барысында талқыланған тәсілдер Мемлекет басшысының жуырдағы сұхбатындағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және мемлекеттік саясатты ұзақ мерзімді нәтижеге бағыттауға баса назар аударылған негізгі ойларымен толық сәйкес келетіні айтылды.

Кездесуде елорда аумағын кезең-кезеңмен дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе, қаланың сәулеттік келбетін дизайн-код талаптарына сай қалыптастыруға, мәдени-демалыс нысандары мен тұрғын үй салуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және көлік жүйесін жаңғыртуға айрықша назар аударылды.

Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген өзгерістер және елордалық агломерацияны қалыптастыру жобасы жеке бөлім ретінде қаралды. Кездесуге қатысушылар осы стратегиялық құжаттарды қала инфрақұрылымына түсетін нақты жүктемені және халықтың сұранысын ескере отырып, қалай жүзеге асыруға болатынын талқылады.

«Біздің мақсатымыз - Парламентте қабылданып жатқан заңдарды халыққа жеткізумен шектелмей, кәсіби қоғамдастықпен бірігіп, алдағы уақытта қандай заңнамалық бастамалар керектігін талқылау. Елорда тез дамып жатыр, сондықтан бұл процестің басқарылуы және адам мүддесіне бағытталуы өте маңызды», - деп атап өтті Бибигүл Жексенбай.

Талқылау кезінде сенатор қалалық кеңістікті басқарудың заманауи әдістерін енгізудің, жасыл инфрақұрылымды дамытудың және барлық азаматтарға қолжетімді инклюзивті қалалық ортаны құрудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті.

Атап өтілгендей, соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Парламенті қалаларды кешенді дамытуға бағытталған бірқатар жүйелі заңнамалық өзгерістер қабылдады. Оның ішінде аумақтарды кешенді жоспарлауға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, экологиялық талаптарды күшейтуге бағытталған қала құрылысы қызметі туралы заңнамаға енгізілген түзетулер, сондай-ақ Жер кодексіне өзгерістер енгізілді.

«Қабылданған нормалар жер ресурстарын барынша тиімді пайдалануға, қоғамдық және әлеуметтік нысандарды басымдықпен дамытуға, жер учаскелерін беру рәсімдерінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасыл аймақтарды сақтау және ұлғайту, қоғамдық көлікті дамыту және қаладағы көлік жүктемесін азайту бойынша талаптар күшейтіліп отыр», - деп атап өтті сенатор.

Кездесуді қорытындылай келе, Бибигүл Жексенбай Бас жоспарды алдағы уақытта нақтылау кезінде, әсіресе, абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді құру және әлеуметтік нысандарды орналастыру мәселелері бойынша елорда тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлерін ескеруге ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

 

Қосымша ақпарат, келесі сілтемелермен:

 

https://qrnews.kz/news/astana-2035-elordanyng-bolashak-kelbeti-kanday-bolmak-mb6e7

«Президент сұхбатымен сәйкес»: Сенатор ғылыми институт ұжымымен елорданың дамуын талқылады - Бүгін, 14:33

Сенатор Бибігүл Жексенбай «Тұрғындардың пікірін ескеру – басты қағидат»: 8 қаңтар 2026, | Elordainfo.kz

Бөлісу