Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Бибігүл Жексенбай, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне барып, жоғары оқу орны басшылығымен әскери кафедра базасында офицер кадрларын даярлау және оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесуге қатысты

10.02.2026 100

Отырысты аша отырып Комитет төрағасы Андрей Лукин әскери саланы кәсібилендіру және Қарулы күштердің зияткерлік әлеуетін арттыру елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың маңызды элементтері екенін атап өтті. Ол азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың сапалы офицерлік резерв қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында офицерлер мен сержанттар қорын даярлау, кадрлық құрам және кафедралардың жарақтандырылу деңгейі туралы баяндамалар тыңдалды. Елде офицерлер мен сержанттар қорын даярлау бағдарламалары бойынша 17 мыңнан астам студент білім алатын 40 әскери кафедра жұмыс істейтіні атап өтілді.

Сондай-ақ бағдарламаларды стандарттау, оқу-материалдық базаны жаңарту және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Толығырақ ақпарат келесі сілтеме бойынша:

ҚазАТЗУ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатарымен кездесу өтті

Бөлісу