Бибігүл Жексенбай, Қазақстанның Азаматтық Альянсы жанынан құрылған «ҰСТАНЫМ/ПОЗИЦИЯ» Ұлттық пікірталас клубының «Халықтық Конституция – әділетті мемлекеттің негізі» тақырыбындағы отырысқа қатысып сөз сөйледі
Аталған диалог алаңы азаматтық қоғамның өзекті мәселелерін әріптестік форматта талқылауға, заңнаманы жетілдіруге және теңгерімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталған.
Клубтың мақсаты – ашық пікірталасты дамытуға, келісілген шешімдер әзірлеуге және сындарлы бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесу.
Аталған тақырыптың заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, азаматтардың қатысуын дамыту және мемлекеттік институттарға қоғамдық сенімді арттыруға бағытталған.
Іс-шара форматы үкіметтік емес сектор өкілдері мен салалық сарапшылардың қатысуымен ашық диалог өткізуді көздейді, бұл конституциялық дамудың негізгі мәселелерін талқылауға және практикалық ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Толығырақ ақпарат келесі сілтеме арқылы: