Бибигүл Жексенбай Әбіш Кекілбаев туралы кітаптың тұсаукесеріне қатысты
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевқа арналған «Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай қатысты.
Сенатор өз сөзінде бұл кітап ұлттық руханият пен мемлекеттік басқару мәдениетінің құндылықтарын біріктірген маңызды бастама екенін атап өтті. Оның айтуынша, Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы – мемлекеттіліктің және қоғам алдындағы жоғары жауапкершіліктің айқын үлгісі. Оның қызметі мемлекеттік қызмет мансап емес, елге қызмет ету миссиясы екенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауында Әбіш Кекілбаевтың парламентаризмді дамытуға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Бибигүл Жексенбай сонымен қатар қазіргі жағдайда мемлекеттілік ұғымы біліктілікпен, жауапкершілікпен, нәтижеге бағдарланумен және ашықтықпен өлшенуі тиіс екенін жеткізді. Оның пікірінше, қоғамның сенімі мемлекеттік институттардың негізгі тірегі, ал «Кекілбаев тұлғасы» кітабы осы құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін маңызды рухани және іс жүзіндегі бағдар болып табылады.