Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Бибігүл Жексенбай Парламентаризм институтында өткен «Жаңа Конституция — тұрақты дамудың кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

18.03.2026 57

Сенатор Бибигүл Жексенбай Конституцияны қабылдау тек ауқымды өзгерістердің бастамасы екенін және оны іс жүзінде жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты талап ететінін атап өтті.

«Алдағы кезеңде Парламентке үлкен жауапкершілік жүктеледі. Конституциялық заңдарды қабылдау, құқықтық жүйені жаңғырту, әрбір норманың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету - біздің негізгі міндетіміз. Бұл жерде мәселе тек заң шығаруда ғана емес, сонымен қатар қоғамның жаңа сапасын қалыптастыруда болып отыр», - деді сенатор.

Ол сондай-ақ қоғамдық сананы трансформациялау және Ата Заңда бекітілген құндылықтардың рөлін күшейту қажеттігіне назар аударды.

«Тек заңнаманы өзгерту жеткілікті емес. Одан да маңыздысы - ойлау жүйесін өзгерту. Конституция қағидаттары әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналуы тиіс. Сонда ғана ол ресми құжат емес, ел дамуының шынайы тірегі болады. Бүгінде азаматтардан түсетін өтініштердің басым бөлігі адам құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты, бұл қоғамның басты күтулерін көрсетеді. Осыған байланысты құқықтар мен бостандықтарды тиімді қорғау басымдық болып қала береді», - деп атап өтті Бибигүл Жексенбай.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар заңнаманы одан әрі жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру қажеттігін атап өтті.

Бөлісу