Бибігүл Жексенбай Ұлттық архив ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады
Бибігүл Жексенбай
Ұлттық архив ұжымымен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы мен
оның қоғам үшін маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар бұл өзгерістердің
азаматтардың құқықтарын қорғауға, дербес деректердің қауіпсіздігіне және
әділдік пен жауапкершілікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне қалай әсер
ететіні туралы сөз қозғады.
Бибігүл Жексенбай жаңа
Конституция әрбір адамның күнделікті өміріне қатысты құжат екенін атап өтті.
«Жаңа Конституция
жобасы — бұл мемлекет пен азаматтар арасындағы жаңа қоғамдық келісім. Онда
құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі, жеке өмірді және дербес деректерді
қорғау, балаларды зиянды ақпараттан қорғау шаралары күшейтілген. Бұл нормалар
адамдардың өміріне тікелей әсер етеді. Референдум — әрбір адамның өз таңдауын
жасауға және ел болашағына ықпал етуге берілген мүмкіндігі», — деді Бибігүл
Жексенбай.