Бибігүл Жексенбай, Жалпыұлттық коалиция аясында жаңа Конституцияның жобасын түсіндіру бойынша Астанада кездесу өткізді
Этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен және Достық үйінің қызметкерлерімен пікірлесу барысында Конституциялық қағидаттарды іске асыруға азаматтық сектордың қатысу мәселелері талқыланды.
«Конституция мамандардың тар шеңбердегі құжаты емес. Бұл еліміздің даму стратегиясын белгілейтін тарихи құжат. Ол мемлекеттің негізгі міндеттемелерін және әрбір азаматтың құқықтарын бекітеді. Жаңа редакцияда адам құқықтары мен бостандықтары, жеке өмірге қол сұғылмау және дербес деректердің қауіпсіздігін қорғау айтарлықтай күшейтілді», - деді сенатор.