Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Бибігүл Жексенбай «MTEX management» ЖШС еңбек ұжымына, жаңа конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өткізді.

25.02.2026 52

Сенатор пікірлесу барысында Негізгі заңның институционалдық жаңалықтары мен стратегиялық басымдықтарына егжей-тегжейлі тоқталды. Жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, инновациялар мен мәдениетті дамытуға ерекше назар аударылғаны және ол мемлекеттік саясаттың бағыттары ретінде ғана емес, конституциялық қорғалған басымдықтар ретінде бекітілетіні атап өтілді. Бұл тәсіл тұрақты қаржыландыруға, инвестиция тартуға және адами капиталды жүйелі дамытуға негіз жасайды.

Цифрлық технология мен жасанды интеллектің қарқынды дамуы жағдайында дербес деректерді қорғау және жеке өмірге қол сұғылмау құқығын қамтамасыз ету мәселелері де қозғалды. Сондай-ақ, авторлық құқықты қорғау және зияткерлік еңбектің құндылығын арттыру тақырыптары талқыланды.

Бөлісу