Бибігүл Жексенбай «Нұрлы жүрек» медициналық мекемесінің еңбек ұжымымен, жаңа конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өткізді.
«Нұрлы жүрек» медициналық мекемесінің ұжымымен кездесу аясында әлеуметтік кепілдіктер, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ билік тармақтарының әділдігі мен тепе-теңдігі қағидаттарын нығайтуға назар аударылды.
«Жаңа Конституцияның жобасы – бұл мемлекеттің заманауи үлгісін қалыптастыру, оның орталығында адам, оның құқықтары мен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері бар. Біз басқару жүйесін сапалы жаңарту, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейту және жаһандық сын-қатерлер жағдайында еліміздің тұрақты дамуы үшін жағдай жасау туралы айтып отырмыз», - деп атап өтті Бибігүл Жексенбай.
Сенатор сондай-ақ парламенттік қайта құрулардың маңыздылығын, оның ішінде заңнамалық процесті жетілдіру, сондай-ақ қоғамның заңнамалық күн тәртібін қалыптастыруға кеңірек қатысуын қамтамасыз етуге арналған институт ретіндегі Халық Кеңесінің рөлін түсіндірді.
Кездесулер ашық диалог сипатында өтті. Еңбек ұжымдарының өкілдері сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты, оларға толық түсініктемелер берілді.