Бибігүл Жексенбай жаңа Конституцияның жобасын «Қазаэронавигация» ұжымымен талқылады
Шара жалпы ұлттық референдум қарсаңында жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында өтті.
Сенатор «Қазаэронавигация» қызметкерлерімен кездесу барысында Қазақстанның халықаралық көлік байланысын қамтамасыз ету үшін аэронавигация саласының стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, авиациялық инфрақұрылымның тиімді жұмыс істеуі тұрақты құқықтық жүйеге, заманауи технологияның дамуына және жоғары білікті мамандарды даярлауға тікелей байланысты.
«Конституцияға ұсынылған өзгерістер мемлекетті басқарудың неғұрлым орнықты институционалдық жүйесін қалыптастыруға, заң үстемдігін күшейтуге және мемлекеттік институттар жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған», - деді Бибигүл Жексенбай.
Саланы технологиялық жаңғырту, әуе қозғалысын басқарудың цифрлық жүйелерін дамыту және киберқауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.