Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Астанада әйелдердің саяси мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі талқыланды

18.05.2026 54

Астанада БҰҰ-ның «Қазақстан Республикасында әйелдердің саяси өкілеттігін кеңейту және көшбасшылық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында әйел көшбасшылармен кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай қатысты.

Кездесу барысында елдегі саяси реформалар, әйелдердің қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлі, көшбасшылық мәдениетті дамыту, сондай-ақ цифрлық дәуірдегі саяси коммуникацияның ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар сайлаушылармен өзара іс-қимыл жасау, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу, дебаттарға қатысу және жеке саяси ұстанымды қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сенатордың айтуынша, қазіргі қоғамдық үдерістер қоғаммен мазмұнды әрі ашық диалог орната алатын, кәсіби даярлығы жоғары және жауапкершілігі мол саясаткерлерді талап етеді.

«Әйел саясаткер - тек басқарушы ғана емес. Ол - қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыратын, әлеуметтік мәселелерді терең түсінетін және адамдар тағдырына бейжай қарамайтын тұлға», - деді Бибигүл Жексенбай.

Кездесу барысында жастардың, соның ішінде қыз-келіншектердің қоғамдық қызметке, азаматтық бастамаларға және саяси үдерістерге қызығушылығының артып келе жатқаны елімізде жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын көрсететіні де атап өтілді.

Жиын соңында қатысушылар ашық диалог орнату, тәжірибе алмасу және әйел көшбасшылардың жаңа буынын қолдау үшін мұндай алаңдардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бөлісу