Бибігүл Жексенбай Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді. Онда университет алғаш құрылған күннен бастап тәуелсіздікпен бірге жасасып келе жатқаны және еліміздің бетке ұстар білім ұясына айналғаны айтылған.
«Сіздерді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан 30 жыл бұрын құрылып, ЕҰУ Еуропа, Азия, АҚШ, тағы басқа шетелдік жоғары оқу орындарымен, түрлі ғылыми-зерттеу орталықтарымен, шетел мем¬лекеттерінің елшіліктерімен, халықаралық білім беру ұйым¬дарымен қарым-қатынас жасайтын жетекші университетке айналды», - делінген Президент құттықтауында.
Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Университетте 27 мыңнан астам студент білім алады, ал білім беру және ғылыми үдерісті шамамен 3 мың оқытушы мен қызметкер қамтамасыз етеді. Университет 200-ден астам білім беру бағдарламасын жүзеге асырып, халықаралық ынтымақтастықты, цифрлық технологияларды және жасанды интеллект, инженерия, ядролық физика, биотехнология және басқа да бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді белсенді дамытуда. QS World University Rankings 2026 қорытындысы бойынша ЕҰУ әлемнің жетекші университеттері арасында 317-орынға ие.