Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Бибігүл Жексенбай Сенатта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өткізді

19.06.2026 33

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай «Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл: естелік, жауапкершілік, болашақ» тақырыбы бойынша ҚР Парламенті Сенатында дөңгелек үстел өткізді. Шара Қазақстанның жаһандық антиядролық көшбасшылығының көрінісіне айналған тарихи шешім - Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 35 жыл толуы қарсаңында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар талқылау барысында ядролық сынақтардың зардаптарынан зардап шеккен азаматтар мен аумақтарға қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық сынақтардың құрбандарын гуманитарлық қолдау саласындағы жаңа халықаралық бастамаларын қарады.

Сенатор зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау, радиациялық әсердің ұзақ мерзімді салдарын медициналық бақылау және ғылыми зерттеулер, бұрынғы полигон аумақтарын экологиялық оңалту және оның жабылуының 35 жылдығына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Ядролық сынақтардың қайғылы салдары туралы тарихи естелікті сақтау маңызды және болашақта радиациялық әсерден зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларын жетілдіру қажет. Халықты әлеуметтік қорғау, медициналық сүйемелдеу жүйесін нығайту және зардап шеккен өңірлерді орнықты дамыту мәселелері мемлекеттік саясатта басымдық қатарында қалуы тиіс», - деп атап өтті сенатор.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сондай-ақ ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт аясындағы Қазақстанның халықаралық қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Кирибати Республикасының ядролық сынақтар құрбандарына көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтірудің халықаралық траст қорын құру жөніндегі бастамасын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша зардап шеккен аумақтарды қолдаудың және жаһандық антиядролық күн тәртібін ілгерілетудің тиімді тетіктерін әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың және халықаралық әріптестердің күш-жігерін одан әрі шоғырландыру қажеттігі атап өтілді. Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және халықаралық әріптестерге ұсынымдар жасау туралы қарар қабылдау жоспарланып отыр.

Бөлісу