Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Депутаттық сауалдар

Депутаттық сауал

Сауалдың жолданған күні және нөмірі 11.03.2023, 16-13-89 Д/С
Бастамашы Сатвалдиев Алишер Гапиржанович,
Сауал мүшелері Асанова Жанна Бейсентайқызы, Больгерт Евгений Андреевич, Ершов Сергей Михайлович, Жексенбай Бибигүл Нұрғалиқызы, Кузиев Закиржан Пирмухамедович, Ниязова Нурия Исмагиловна, Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Шиповских Геннадий Геннадиевич
Адресат Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Смайылов Әлихан Асханұлы
Сауалдың қысқаша мазмұны Мектеп бағдарламасындағы бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәнін (БӘТД) оқыту жөнінде.
Құжат

Жауаптар

Жауап беру күні және нөмірі 13.04.2023 , №16-05/1172 дз
ТАӘ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Смайылов Әлихан Асханұлы
Жауаптың қысқаша мазмұны Құрметті депутаттар! Сіздердің мектеп бағдарламасындағы бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәніне қатысты депутаттық сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық (бұдан әрі – АӘТД) пәні меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде міндетті түрде оқытылады. Пәннің мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік қорғаныс негіздері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін тағайындау, олардың сипаты мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру, әскери қызметке деген қасиетті борышы және Қазақстан Республикасы азаматының парызы ретіндегі саналы көзқарасты тәрбиелеу. Қазіргі кезде Оқу-ағарту министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) білім алушыларда әскери іс негіздері бойынша қажетті білімді, іскерлікті, төтенше жағдайларда дағдыларды игеруді қалыптастыру мақсатында АӘТД пәнін «Бастапқы әскери дайындық» пәні деп өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының базасында құрамында практик-мұғалімдер, жетекші ғалымдар, әдіскерлер қатарынан 300-ге жуық әзірлеуші бар жұмыс топтары қолданыстағы бағдарламаларды жетілдірумен айналысуда, соның ішінде АӘТД пәні бойынша да. Оқу бағдарламалары жетілдірілгеннен кейін АӘТД пәнін оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының мазмұны қайта қаралатын болады. АӘТД кабинетін жарақтандыру Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын құралдармен және жиһаздармен жабдықтау нормаларына (бұдан әрі – жабдықтау нормалары) сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес 5432 орта мектептің 4702-де АӘТД кабинеті жұмыс істейді, оның ішінде 134 кабинет оқу жабдықтарымен (макеттер, тир, саптық плац, пневматикалық мылтық, оқу қаруы және т.б.) жабдықталмаған. Осыған орай Министрлікке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп АӘТД пәнінің кабинеттерін жабдықтау нормасына сәйкес оларда қажетті әскери-техникалық мүліктің, оқу-жаттығу қаруын, атыс тирін сақтауға арналған үй-жайлардың, кедергілері бар және тактикалық даярлығы бар сабақтар өткізуге арналған алаңдардың болуын қамтамасыз ету, АӘТД пәні бағдарламасының негізгі тақырыптары бойынша сағаттарын ұлғайтуды қарастыру тапсырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде 2023 жылдан бастап 2029 жылға дейін 7000 заманауи мектеп кабинетін, оның ішінде робототехника мен STEM кабинеттерін ашу жоспарлануда (1264 STEM кабинеті және 1220 робототехника кабинеті). Тәрбие процесінің маңызды компоненттері патриоттық сезімдерді қалыптастыру және дамыту болып табылады. Осыған орай, әскери істің негіздерін зерделеу процесінде Министрлік Қорғаныс министрлігімен бірлесіп білім алушылардың бойында азаматтықты, Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау қажеттілігіне сенімділікті, Қарулы Күштерде қызмет етуге саналы дайындықты және әскери қызметке деген жауапты көзқарасты қалыптыстыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта еліміз бойынша үш «Жас ұлан» республикалық мектебі жұмыс істейді (Алматы қ., Қарағанды қ., Шымкент қ.), онда 2043 тәрбиеленуші оқиды. 2281 жалпы білім беретін мектеп базасында 77 мыңнан астам оқушы контингенті бар 407 «Жас сарбаз» сыныбы, 149 мыңнан астам оқушыны қамтитын 3457 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Сонымен қатар 100 мектепте 168 кадет сыныбы ашылды, онда 3903 оқушы оқиды. Жалпы бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Үкіметтің ерекше бақылауында. Ә. Смайылов
Құжат