Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Депутаттық сауалдар

Депутаттық сауал

Сауалдың жолданған күні және нөмірі 08.12.2023, 16-13-75Д/С
Бастамашы Сатвалдиев Алишер Гапиржанович,
Сауал мүшелері Асанова Жанна Бейсентайқызы, Больгерт Евгений Андреевич, Ершов Сергей Михайлович, Жексенбай Бибигүл Нұрғалиқызы, Кузиев Закиржан Пирмухамедович, Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, Ниязова Нурия Исмагиловна, Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы, Шиповских Геннадий Геннадиевич
Адресат Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Смайылов Әлихан Асханұлы
Сауалдың қысқаша мазмұны «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша.
Құжат

Жауаптар

Жауап беру күні және нөмірі 07.01.2024 , №2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 16-13-75Д/С
ТАӘ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Смайылов Әлихан Асханұлы
Жауаптың қысқаша мазмұны «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» (Серпін) жобасының (бұдан әрі – «Серпін» жобасы) іске асырылуына қатысты депутаттық сауалдарыңызға қатысты мынаны хабарлаймыз. Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттеріне сәйкес іске асырылуына мониторингі негізінде «Серпін» жобасы үнемі жетілдірілуде. 2022 жылдан бастап қатысушыларға барлық еңбек тапшылығы бар өңірлерде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары), мемлекеттік және жеке ұйымдарда жұмыс істеуге мүмкіндік берілген, оқу кезеңіне сәйкес жұмыспен өтеу айқындалған, жұмыс істеген уақытын есепке алу қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта Көші-қон саясатының тұжырымдамасына1 сәйкес жұмыс беруші растаған жұмысқа орналасу фактісі болған кезде жаңадан орналасатын жердегі тұрғын үй құнының 50 %-ы мөлшерінде қаржылық көмек алуға құқығы бар қоныс аударушылар үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілетін болады. Осылайша қабылданып жатқан шаралар еңбек тапшылығы бар өңірлерді жас мамандармен қамтамасыз етуге, оның ішінде оларды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге оң әсер етуге тиіс. Аталған бағыттар бойынша жұмыс жалғасуда және Үкіметтің бақылауында.
Құжат