Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты Бюросының

2014 жылғы 27 қаңтардағы

№ 163-V СБ қаулысымен бекітілді

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты                     Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының іс-шаралар жоспары

 

 

Іс-шаралардың атауы

мерзімдері

жауаптылар

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету

 

1.

Мыналарға:

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға;

- Венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобаларын қарау

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер, Сенат Аппараты

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге және насихаттауға бағытталған іс-шаралар

 

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау мақсатында  Сенат депутаттарының өңірлерге шығуы

 

Тоқсан сайын

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

2.

Депутаттардың өңірлерге шығуына ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау

 

Тоқсан сайын

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

3.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге және насихаттауға бағытталған Сенат депутаттарының мақалаларын, сұхбаттары мен басқа да материалдарын орталық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жеке Медиа-жоспар

бойынша

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

4.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жұмысына Сенат депутаттары қатысатын парламентаралық және халықаралық ұйымдардың мінберлері арқылы түсіндіру

 

Жыл ішінде

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына  Жолдауын  нақты іске асыру мәселелерін зерделеуге бағытталған іс-шаралар

 

 

Парламенттік тыңдаулар:

 

 

1.

«ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында «Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау

 

IV тоқсан

Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

 

Комитеттердің көшпелі іс-шаралары:

 

 

1.

Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясын, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша және «Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мәселелері бойынша Комитет  мүшелерінің Шығыс Қазақстан облысындағы көшпелі отырысы

 

 

II тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

2.

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде өңір экономикасының салалық және кластерлік басымдықтарын дамыту» тақырыбына арналған Павлодар облысындағы көшпелі отырыс

 

II тоқсан

Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті

3.

Комитеттің Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын және соттарын одан әрі реформалау мәселелері бойынша Ақтөбе қаласындағы (Ақтөбе облысы) көшпелі отырысы

 

ІІІ тоқсан

 

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

Конференциялар:

 

 

1.

1.       «Әкімшілік заңнаманы реформалау: проблемалар мен жетілдіру бағыттары» тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференция

2.        

I тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

2.

Президенттің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы аясында Қазақстан мәдениетінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы» тақырыбына арналған конференция

 

IV  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

Дөңгелек үстелдер:

 

 

1.

 «Ғылыми зерттеулердің тиімділігін құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру шаралары және олардың нәтижелерін еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғырту үдерістеріне енгізу туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

I  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

Мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер:

 

 

 

1.

Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы "Жас Ұлан" Республикалық мектебінің (Астана қ.) әскери қызметшілерімен, қызметшілерімен және тәрбиеленушілерімен одан әрі жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін тәрбиеленушілерді кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша кездесу

 

I тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

2.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі басшылығымен жер заңнамасын жетілдіру мәселелері және ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстарының барысы бойынша кездесу

 

тоқсан

 

Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

3.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрімен  және Ұлттық Банкінің төрағасымен 2030 жылға дейін қаржы секторын дамыту және орта мерзімді перспективада  инфляцияны төмендету  мәселелері бойынша кездесу

 

ІI тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

4.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері басшылығымен және жеке құрамымен қоғам және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мәселелері бойынша кездесу (Астана қ.) 

 

III тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

5.

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығымен энергетиканы дамыту мәселелері бойынша кездесу

 

III тоқсан

Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

6.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Қазақстан Республикасы  Президенті Жолдауының негізгі ережелерін ілгерілету, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын түсіндіру мақсатында Астана қаласында аккредиттелген шетелдік елшілермен және дипломаттармен  кездесу

III тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

7.

«Қазатомөнеркәсібі» ҰК» АҚ басшылығымен отандық атом өнеркәсібін дамыту және атом электр станциясын салу мәселелері бойынша кездесу

 

IV тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

8.

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру аясында шағын және орта бизнес саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығымен кездесу

 

IV тоқсан

Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған сыртқы саяси міндеттерді іске асыруға бағытталған іс-шаралар

 

1.

Парламент Сенаты Төрағасының шет елдерге ресми және жұмыс сапарлары (жеке кесте бойынша)

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

2.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының шет мемлекеттер, шетел үкіметтері, парламенттері басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен және басқа да көрнекті шетелдік саяси, рухани және қоғам қайраткерлерімен кездесулері

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

3.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының халықаралық отырыстар мен форумдарға қатысу үшін сапарлары

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты

4.

Парламент Сенаты депутаттарының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарының желісі бойынша сапарлары мен кездесулері

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

Сенат Аппараты