Қазақстан Республикасы

                                                                           Парламенті Сенаты Бюросының

                                                       2013 жылғы 23 желтоқсандағы  № 154-V СБ

қаулысымен бекітілді                                                   

    

                                                                                          

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының  2014 жылға арналған негізгі  іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Рет №

Іс-шараның атауы

Өткізу мерзімі

 

Жауаптылар

 

І. Сенат депутаттарының Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын іске асыруға  қатысуы

 

1.

Мынадай:

- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға  бағытталған;

- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап өтілген заң жобаларын қарау

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

2.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

3.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Жыл ішінде (жеке жоспар бойынша)

Бас комитеттер

 

. Сенат депутаттарының заң шығарушылық қызметі

 

1.

Заң шығару бастамасы құқығының субъектілері бастамашылық жасаған және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын қарау

Конституция-лық мерзімдерде,

Сенатқа келіп түсуіне қарай

 

Бас комитеттер

2.

Парламент депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларымен жұмыс

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

 

III. Парламенттік тыңдаулар

 

1.

«ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында «Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау

 

IV тоқсан 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

 

ІV.  Үкіметтік сағаттар

 

1.

Жаңа бюджет саясаты және нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша үкіметтік сағат

 

II  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

 

2.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша үкіметтік сағат

IV  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

3.

 «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 Стратегиясы» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуды және салауатты өмір салтын қалыптастыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы» тақырыбына арналған үкіметтік сағат

 

IV  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

 

V. Сенат комитеттерінің көшпелі отырыстары

 

1.

***

Алып тасталды.

 

 

 

2.

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде өңір экономикасының салалық және кластерлік басымдықтарын дамыту» тақырыбына арналған Павлодар облысындағы көшпелі отырыс

 

II тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

3.**

Комитеттің «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және Алматы облысындағы шағын және орта бизнес дамуының жай-күйі туралы» тақырыбына арналған Алматы облысындағы көшпелі отырысы

 

IІІ тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

4.

Комитеттің Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын және соттарын одан әрі реформалау мәселелері бойынша Ақтөбе қаласындағы (Ақтөбе облысы) көшпелі отырысы (Мемлекет басшысының «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 5-бағытының 4-тапсырмасын іске асыру аясында)

 

III тоқсан 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

5.

Комитеттің мемлекеттiң жаңа бюджет саясатының мәселелері бойынша жергiлiктi атқарушы органдары өкiлдерiмен кездесу өткізу үшін Жамбыл облысындағы көшпелі отырысы

 

III  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

 

6.

Комитеттің «Балық шаруашылығын, оның ішінде акваөсіруді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған Қызылорда облысындағы көшпелі отырысы

 

III тоқсан 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

7.

***

«Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мәселелері бойынша Комитет  мүшелерінің Шығыс Қазақстан облысындағы көшпелі отырысы

IV тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

 

VI. Дөңгелек үстелдер, конференциялар  және  Сенат депутаттарының басқа да іс-шаралары

 

1.

1.     «Әкімшілік заңнаманы реформалау: проблемалар және жетілдіру бағыттары» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция (Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 5-бағытының                          4-тапсырмасын іске асыру аясында)

 

I тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

2.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және ел өңірлерін газбен қамтамасыз ету барысы туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

I тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

3.

«Ғылыми зерттеулердің тиімділігін құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру шаралары және олардың нәтижелерін еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғырту үдерістеріне енгізу туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

I тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

4.

«Қазақстан Республикасындағы кооперация мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

 

II тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

5.

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі дамуының жай-күйі мен болашағы және оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету шаралары туралы» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

 

ІІІ тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

6.

«Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі: жай-күйі, проблемалары және жетілдіру бағыттары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел (Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы                  5-бағытының 4-тапсырмасын іске асыру аясында)

 

IV тоқсан 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

7.

«Салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

IV тоқсан 

Қаржы және бюджет комитеті

 

8*.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы Парламенттің рөлі» тақырыбына арналған халықаралық конференция

IV тоқсан 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

                                                                                                                                                                                                            

VII.  Сенат депутаттарының жергілікті өкілді органдармен байланысы

 

1.

Депутаттардың  халықпен кездесу үшін өңірлерге баруы

Тоқсан сайын

Сенат депутаттары

 

2.

Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің және «Өңір» («Регион») депутаттық тобының жұмыс жоспарларына сәйкес жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау

Кеңестің және депутаттық топтың жоспарларына сәйкес

 

Сенат депутаттары

 

VIII.  Сенат депутаттарының мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың  басшылығымен кездесулері

 

1.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрімен салықтық жеңілдіктер мәселелері бойынша кездесу

I тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

 

2.

Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" Республикалық мектебінің (Астана қ.) әскери қызметшілерімен, қызметшілермен және тәрбиеленушілерімен одан әрі жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін тәрбиеленушілерді кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша кездесу

 

I тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

3.

Өңірлік даму министрлігінің басшылығымен тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша кездесу

 

I тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

4.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің басшылығымен жер заңнамасын жетілдіру мәселелері және ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу жұмыстарының барысы бойынша кездесу

I тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

5.**

Ақмола облысы әкімдігінің басшылығымен күзгі егін жинау науқаны барысымен танысу және оны мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін зерделеу мақсатында кездесу

II тоқсан 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

6.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері басшылығымен және жеке құрамымен мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мәселелері бойынша кездесу (Астана қ.)     

III тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

7.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі басшылығымен жаңартылатын энергия көздерін дамыту және оны қолдану жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кездесу

 

III тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

8.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басшылығымен «Бәйтерек» холдингінің қаражаттарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша кездесу

 

IV тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

9.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мәселесі бойынша кездесу

 

IV тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

10.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен мал шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кездесу

 

IV тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

IX.  Сенат депутаттарының халықаралық және парламентаралық қызметі

 

1.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XIII отырысы

 

Қыркүйек

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

2.

Парламент Сенаты Төрағасының шет елдерге ресми және жұмыс сапарлары (жеке кесте бойынша)

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

3.

Қазақстан Республикасына шет мемлекеттер парламенттері басшыларының сапарлары (жеке кесте бойынша)

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

4.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының шет мемлекеттер, шетел үкіметтері, парламенттері басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен және басқа да көрнекті шетелдік саяси, рухани және қоғам қайраткерлерімен кездесулері  

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

5.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, НАТО Парламенттік Ассамблеясының, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің, БҰҰ және Парламентаралық одақтың отырыстары мен форумдарына қатысуы

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

6.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының сессиялары мен іс-шараларына қатысуы

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

7.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңестерінің, Бюроларының, комиссияларының отырыстарына  және жалпы отырыстарына, сондай-ақ басқа да іс-шараларына қатысуы

 

Мамыр, қараша

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

8.

Парламент Сенаты депутаттарының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарының желісі бойынша сапарлары мен кездесулері

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

9.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бесінші және алтыншы отырыстары

 

Жыл ішінде

 

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

 

X. Сенат депутаттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы

 

1.

Депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларының жариялануы мен сөз сөйлеуі

 

Жыл ішінде

Сенат депутаттары

 

 

Ескертпе:

 

* - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 172-V СБ қаулысымен бекітілді.

 

** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 197-V СБ қаулысымен бекітілді.

 

*** - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2014 жылғы 9 маусымдағы № 200-V СБ қаулысымен бекітілді.

 

_______________________________________________