Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты Бюросының

2023 жылғы 10 сәуірдегі

№ 3-VIІІ СБ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

(Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты

Бюросының 2023 жылғы 30 маусымдағы

№ 35-VІIІ СБ қаулысымен
бекітілген өзгерістермен)

 

 

VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің I сессиясына арналған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспары

 

 

Рет №

Іс-шаралардың атаулары

Өткізу

мерзімі

Жауаптылар

 

I. Заң шығарушылық қызмет

 

1.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған заң жобаларын қарау

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

2.

Заң шығару бастамасы құқығының субъектілері бастамашылық жасаған және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылданған заңдарды қарау

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер

3.

Парламент депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларымен жұмыс

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары

4.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және ілеспе заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

5.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және ілеспе заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

6.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

 

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

7.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне селекциялық жетістіктерді қорғау мен тұқым шаруашылығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және ілеспе заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

 

II. Үкімет сағаттары

 

1.

«Қазақстанның инвестициялық ахуалы және инвестициялық тартымдылығы» тақырыбына арналған үкімет сағаты

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

2.

Мемлекет басшысы VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессияның ашылуында белгілеп берген міндеттер шеңберінде «Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыру және  импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселелері» тақырыбына арналған үкімет сағаты

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

III. Комитеттердің көшпелі іс-шаралары

 

1.

Депутаттардың өңірлерге сапары

Тоқсан сайын

Сенат депутаттары

2.

ҚР ТЖМ-нің М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына, ҚР Қорғаныс министрлігінің Ш.Уалиханов атындағы Әскери колледжіне сапары (Ақмола облысы)

 

2023 жылғы

I  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

3.

Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі қызметінің мәселелері бойынша Комитеттің көшпелі отырысы (Алматы қаласы, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

4.

Астана қаласы Полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасының базасында Астана қаласының учаскелік полиция инспекторларымен (полицияның сервистік моделі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және т.б. мәселелер бойынша) Комитет мүшелерінің кездесуге баруы  

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

5.

«Көлеңкелі бизнеске қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық технологияларды пайдалану» тақырыбына арналған Комитеттің көшпелі отырысы (Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінде цифрлық технологиялардың таныстырылымы, Астана қаласы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

6.

Сот құрылысы мен сот ісін жүргізудің жаңартылған элементтері жағдайында құқық үстемдігін қамтамасыз ету үшін сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша Комитеттің көшпелі отырысы (Астана қаласы сотының базасында, Астана қаласы).

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

7.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік мәселелері жөнінде Комитеттің көшпелі отырысы (Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің негізінде, Астана қаласы).

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

8.

Инвестициялық ахуалды жақсарту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне оның әсер етуі мәселелері бойынша Комитеттің көшпелі отырысы (Қостанай облысы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

9.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне Комитет мүшелерінің баруы (Астана қаласы)

2023 жылғы

II  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

10.

Комитет мүшелерінің ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөліміне баруы (Астана қаласы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

11.*

Мемлекеттік шекараны қорғау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің қызметі мәселелері жөніндегі комитеттің көшпелі отырысы (Ақтау қ., Маңғыстау облысы)

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының

2023 жылғы 30 маусымдағы № 35-VІIІ СБ қаулысымен өзгертілді

2023 жылғы

II  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

12.

Шекарамаңы ынтымақтастығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылығымен кездесу (Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

13.*

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 35-VІIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

14.

Қазақстан Республикасының Президенті VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында алға қойған міндеттер шеңберінде Өңдеуші өнеркәсіпті экономиканың негізгі саласы ретінде дамыту мәселелері бойынша Комитеттің көшпелі отырысы (Атырау облысы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

15.

Қазақстан Республикасының Президенті VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында алға қойған міндеттер шеңберінде «Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту: нақты жай-күйі, проблемалары және даму перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстелді дайындау аясында «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС-на Комитет мүшелерінің баруы (Астана қаласы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

16.*

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының

2023 жылғы 30 маусымдағы № 35-VІIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

17.

Ұлттық оператордың қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-на Комитеттің көшпелі отырысы

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

18.

Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмалары шеңберінде Экологиялық туризмді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына Комитет мүшелерінің сапары (Ақмола облысы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

19.

«Мәдени мұраны сақтау және тарихи туризмді дамыту мәселелері» тақырыбында конференция өткізу (Ұлытау облысы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

20.

Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Ауылдық аумақтарды дамыту және «Ауыл ел бесігі» жобасын іске асыру мәселелері бойынша Комитет мүшелерінің сапары (Жетісу облысы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

21.

«Елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері» тақырыбында Комитеттің көшпелі отырысы (Ақмола облысы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

22.

«Ауылдық жерлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу (Маңғыстау облысы)

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

IV. Дөңгелек үстелдер және комитеттердің тақырыптық отырыстары

 

1.

Жауапты мемлекеттік органдардың электр энергетикасы саласындағы кейбір мәселелер туралы депутаттық сауалды тыңдау бойынша Комитетінің кеңейтілген отырысы

 

2023 жылғы

I  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

2.

Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің I сессиясының ашылуында берілген тапсырмалары шеңберінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында тиімді құқықтық тетіктер құру мәселелері бойынша Комитеттің отырысы

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

3.

«Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің I сессиясының ашылуында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде азаматтардың білікті заң көмегіне конституциялық құқығы: жай-күйі мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

4.

Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің I сессиясының ашылуында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың заң шығару процесіндегі қызметін одан әрі бюрократиядан арылту мәселелері бойынша Комитеттің отырысы

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

5.

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңды және Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің I сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша Комитеттің отырысы

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

6.

«Салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел

 

I квартал

2023 года

Қаржы және бюджет комитеті

7.

«Салық саясатының өзекті мәселелері және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

8.

«Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында дөңгелек үстел

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

9.

«Бюджет саясаты моделін реформалау» тақырыбында дөңгелек үстел

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

10.

Жолаушыларды ішкі авиатасымалдаумен байланысты проблемалық мәселелерді талқылау бойынша Комитеттің отырысы

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Қаржы және бюджет комитеті

11.*

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының

2023 жылғы 30 маусымдағы № 35-VІIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

12.

Әскери қызметшілердің өмірін сақтау мәселелері туралы депутаттық сауалға қатысты жауапты мемлекеттік органдарды тыңдау бойынша Комитеттің отырысы

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

13.

Шетелдік және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Отандастар қоры» КЕАҚ басшылығымен кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

14.

Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің I сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде «Өңдеу өнеркәсібін дамыту: нақты жай-күйі, проблемалары және даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

15.

Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде «Электр энергетикасы нарығын дамыту: үрдістер, проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдарды іске асыру барысы туралы» тақырыбында Комитет отырысы

2023 жылғы

II  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

16.*

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының

2023 жылғы 30 маусымдағы № 35-VІIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

17.*

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының

2023 жылғы 30 маусымдағы № 35-VІIІ СБ қаулысымен алып тасталды

 

 

18.

Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін арттыру, сапалы орта білім беруді қамтамасыз ету, жоғары және кәсіптік-техникалық білім берудің даму үрдістері» тақырыбында дөңгелек үстел

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

19.

«Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғырту» тақырыбындағы парламенттік тыңдаулардың қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдарды іске асыру барысы туралы» тақырыбында Комитеттің кеңейтілген отырысы

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

20.

Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

21.

Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру аясында «Ауылдық жерлердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел

2023 жылғы

II  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

V. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы консультативтік-кеңесші

органдардың және депутаттық бірлестіктердің жұмысы

 

1.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың және депутаттық бірлестіктердің жұмысы

Сессия ішінде
(жеке жоспар бойынша)

Кеңестердің және депутаттық бірлестіктердің мүшелері

 

VI. Мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың басшылығымен кездесулер

 

1.

Ауыл шаруашылығы дақылдары егістерін әртараптандыру және агросақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу

 

2023 жылғы

I  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

2.

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің басшылығымен оның қызметін заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

3.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен оның адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өкілеттіктерін іске асыру мәселелері бойынша кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

4.

Судьялар корпусының кәсібилігін және сот төрелігін іске асыру сапасын арттырудың өзекті мәселелері бойынша Астана қаласы сотының басшылығымен кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

5.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығымен оның міндеттері мен функцияларын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

6.

Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен индустрияландыру, өндірісті оқшаулау мәселелерін талқылау бойынша ірі өндірістік кәсіпорындар басшылығымен кездесу

2023 жылғы

II  тоқсан

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

7.

Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Ғылымды дамыту: жай-күйі, проблемалары, перспективалары және құқықтық реттеу» тақырыбына арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығымен кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

8.

Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары мәслихаттарының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттарымен білім беру және еңбек салаларын дамыту мәселелері бойынша кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

9.

Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары мәслихаттарының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттарымен мәдениетті, мұрағат ісін, ономастиканы, геральдиканы және спортты дамыту мәселелері бойынша кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

10.

Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берген бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

11.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша кездесу

 

2023 жылғы

II  тоқсан

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

VIІ. Халықаралық және парламентаралық қызмет

 

1.

Парламент Сенаты Төрағасының шетелге ресми және жұмыс сапарлары (жеке кесте бойынша)

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

2.

Қазақстан Республикасына шет мемлекеттер парламенттері басшыларының сапарлары (жеке кесте бойынша)

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

3.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының шетел парламенттерінің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен және басқа да көрнекті шетелдік саяси, рухани және қоғам қайраткерлерімен кездесулері

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

4.

Парламент Сенаты депутаттарының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, НАТО Парламенттік Ассамблеясының, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің және Парламентаралық Одақтың отырыстары мен іс-шараларына қатысуы

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

5.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңестерінің, комиссияларының отырыстары мен жалпы отырыстарына, сондай-ақ басқа да іс-шараларына қатысуы

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

6.

Парламент Сенатының Төрағасы мен депутаттарының Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының, Азия парламенттік ассамблеясының сессиялары мен іс-шараларына қатысуы

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

7.

Парламент Сенаты депутаттарының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарының желісі бойынша сапарлары мен кездесулері

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

8.

Депутаттардың ЕҚЫҰ ПА-ның, ТМД ПАА-ның және ҰҚШҰ ПА-ның бақылау миссиялары құрамында сайлаулар мен референдумдарға мониторинг жүргізуге қатысуы

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

9.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен шет мемлекеттердің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссиялардың отырыстары

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

10.

Парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі
жол карталарын іске асыру

 

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

11.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитеттері қызметінің бағыттары бойынша халықаралық ұйымдармен өзара
іс-қимыл

Сессия ішінде

Сенат депутаттары,

Сенат Аппараты

 

* - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 35-VІIІ СБ қаулысымен өзгерістер енгізілді.