Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Оқиғалар аңдатпасы

2024 ж. 26 ақпан, дүйсенбі10:00

Қызылорда облысы

 

Дүйсенбі, 26 ақпан күні сағат 10:00-де Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитеті «Су ресурстары: сумен тұрақты қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективалары» тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында көшпелі отырыс өткізеді.

Шараға Сенат депутаттары, Қызылорда облысының әкімі, су ресурстары және ирригация, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады.

Осы шараны жария етуге БАҚ өкілдері шақырылады.

Журналистер 9.30-да жиналуы тиіс.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 1 (г блогы).

Журналистерді тіркеу үшін облыс әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Шахановаға 8 702 604 3454 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Құрметпен, Баспасөз қызметі

8(7172)74-72-27

Күнтізбе