Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Оқиғалар аңдатпасы

2025 ж. 19 маусым, бейсенбі10:00

2025 жылғы19 маусым Сенат Төрағасының Өкіміне сәйкес Палатаның отырысы өткізіледі. Күн тәртібіне келесі мәселе енгізілді:

сағат 10.00-де:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде.

 

сағат 14:00-де:

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.

3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.

4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

Күнтізбе