Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

2025 ж. 30 қазан, бейсенбі10:00

Биылғы жылғы 30 қазанда сағат 10:00-де Сенат отырысы өтеді. Күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылды:

1.Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы.

2.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы.

3.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы.

БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.      

1.Наурызбай Байкадамов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

2.Ғалымжан Койгелдиев – ҚР Бас Прокурорының орынбасары.

Сенат отырысы палатаның www.senate.parlam.kz сайтында және https://t.me/senate_kz ресми телеграмм-арнасында онлайн режимінде көрсетіледі.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Күнтізбе