Биылғы жылғы 31 қазанда сағат 10:30-да Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері «Тарихи туризмді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізу мақсатында Маңғыстау облысында болады.
Шараға Сенат депутаттары, Туризм және спорт министрлігінің, облыс әкімдігі мен мәслихатының өкілдері, сондай-ақ туризм саласы бойынша сарапшылар қатысады.
Осы шараны жария етуге БАҚ өкілдері шақырылады.
Журналистер сағат 10:00-де жиналуы тиіс.
Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.
Журналистерді тіркеу үшін Маңғыстау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Нұрмағанбет Айманға +7 702 658 4367 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)