Биылғы жылғы 31 қазанда сағат 11:00-де Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Абай облысында көшпелі отырыс өткізеді. Онда өңірді орнықты дамыту мақсатында агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Шараға Сенат депутаттары, Абай облысының басшылығы, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қатысады.
Осы шараны жария ету үшін БАҚ өкілдері шақырылады.
Журналистер сағат 10:30-да жиналуы тиіс.
Мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8.
Журналистерді тіркеу үшін +7 777 355 41 14 нөмірі бойынша Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қасымов Азаматқа хабарласуыңызды сұраймыз.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)